Қазақстанда жоғары сұранысқа ие спорт секциялары

© Public DomainАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Қазақстанда 17 мыңнан астам футбол секциясы жұмыс істейді, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі.
"Елде футболға тартылған азаматтар саны басқалармен салыстырғанда көш бастап тұр. Бізде бұл спорт түрімен 1 миллион 63 мыңға жуық адам айналысады. Олардың арасында кәсіби түрде футбол ойнайтын ұл-қыздар да бар", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
Мәдениет министрлігінің мәліметінше, волейбол танымалдығы бойынша екінші орында тұр. Бұл спортпен 766 мың адам айналысады. Еліміздің барлық аймағында балалар мен ересектерге арналған 16 мыңға жуық волейбол секциясы жұмыс істейді.
"Елімізде командалық спорт түрлері жоғары сұранысқа ие. Мысалы, Қазақстанда 562 мыңға жуық адам баскетбол ойнайды. Олар 11 738 секцияда өз шеберліктерін шыңдайды", - деп хабарлады министрлік мамандары.
Қазақстанда жеңіл атлетикамен 384 мыңға жуық адам айналысса, жалпы секциялар саны 7 380-ге жеткен.
Танымал спорт түрлерінің бестігін үстел теннисі тұйықтап тұр. Елімізде үстел теннисі бойынша 8 мыңға жуық секция жұмыс істейді. Бұл секциялармен 242 мыңнан астам адам қамтылған.
Жаңалықтар
0