Саясат

Тоқаев Мұрат Нұртілеуді вице-премьер қызметіне тағайындады

© Photo : Сайт Inbusiness.kz Нуртлеу Мурат
Нуртлеу Мурат - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
Жаңа қызметке тағайындалуына байланысты ол Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды.
Бұған дейін сыртқы істер министрлігін Мұхтар Тілеуберді басқарған болатын. Ол сондай-ақ үкімет басшысының орынбасары қызметін де атқарды.

Мұрат Нұртілеу кім

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу 1976 жылы Алматы қаласында туған.
1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.
1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.
1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы атташесі.
2003-2004 жылдары – сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.
2004-2006 жылдары – сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
2007 жылы – сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.
2007 жылы – парламент сенатының аппараты басшысының орынбасары.
2007-2011 жылдары – парламент сенаты аппаратының басшысы.
2011 жылы – сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2011 жылы – Қазақстан сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры.
2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.
2014-2016 жылдары – Қазақстан президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2016-2019 жылдары – Қазақстанның Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Эстониядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.
2019-2021 жылдары – Қазақстан президентінің көмекшісі.
2021-2022 жылдары – Қазақстан президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары.
2022 жылғы қаңтар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
2022 жылғы 1 ақпанда президент жарлығымен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
Ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.
Үйленген, 4 баласы бар.
Жаңалықтар
0