Ақмола облысында бүлдіршін кәріз құдығына құлап көз жұмды

© Sputnik / Табылды КадырбековИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 9 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында 4 жасар бүлдіршін кәріз құдығына құлап көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
8 сәуір сағат 22.00 шамасында Целиноград ауданының полициясынан Қараөткел ауылының тұрғыны 4 жасар ұлын тауып беруді өтінген.
Ата-анасының айтуынша, сағат 17.30 шамасында аулаға серуендеуге шыққан бала қайтып оралмаған.
Полиция қызметкерлері баланың денесін үй жанындағы кәріз құдығынан тапты.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.
Полиция мен жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2022
Оқиға
Ақтөбеліктер бірнеше күн іздеген 4 жасар баланың денесі табылды - күдікті ұсталды
Жаңалықтар
0