https://sputnik.kz/20230411/qazaqstanga-avtokolikpen-biday-akeluge-tyyym-salyndy-33785133.html
Қазақстанға автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салынды
Қазақстанға автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Қазақстанға автокөлікпен бидай әкелуге алты айға тыйым салынды. 11.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-11T10:20+0500
2023-04-11T10:20+0500
2023-04-11T10:20+0500
бидай
https://sputnik.kz/img/09/66/096620_0:222:2853:1827_1920x0_80_0_0_92dee5e821ecfae73354185258ece1ed.jpg
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Қазақстанға автокөлікпен бидай әкелуге алты айға тыйым салынды.Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев "Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен бидай әкелуге тыйым салу туралы" бұйрыққа қол қойды."Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен бидай әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.Құжат жарияланған күнінен бастап, яғни 10 сәуірден бастап күшіне енді.Бұған дейін министрлік мұндай шешім бидайдың заңсыз әкелінуінен соңғы бірнеше жылда ішкі нарықтың зардап шегуіне байланысты қабылданғанын атап өтті.Салалық қауымдастықтардың мәліметі бойынша сұр импорт деп аталатын мұндай тауардың көлемі жылына 1,5-2 миллион тоннаға жетеді, ал мемлекетке келетін жалпы шығын жыл сайын 500 миллион долларға бағаланып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/09/66/096620_61:0:2792:2048_1920x0_80_0_0_4183bb993cc3f299fdfe41338f59ecf7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
бидай
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Қазақстанға автокөлікпен бидай әкелуге алты айға тыйым салынды.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев "Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен бидай әкелуге тыйым салу туралы" бұйрыққа қол қойды.
"Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен бидай әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.
Құжат жарияланған күнінен бастап, яғни 10 сәуірден бастап күшіне енді.
Бұған дейін министрлік мұндай шешім бидайдың заңсыз әкелінуінен соңғы бірнеше жылда ішкі нарықтың зардап шегуіне байланысты қабылданғанын атап өтті.
Салалық қауымдастықтардың мәліметі бойынша сұр импорт деп аталатын мұндай тауардың көлемі жылына 1,5-2 миллион тоннаға жетеді, ал мемлекетке келетін жалпы шығын жыл сайын 500 миллион долларға бағаланып отыр.