Оқиға

Алматыда әйелдің кесілген басы табылды - қылмыскер іздестіріліп жатыр

© Sputnik / Серикжан КовланбаевОцепление
Оцепление - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Алматы полициясы әйелдің басын кесіп тастаған күдіктіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы 08:40-та Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Ақпарат расталды.
"Жедел тергеу тобы оқиға орнын тексерді. Әйелдің басы кесілген болып шықты. Оның жеке басы анықталды. 1976 жылы туған, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған", - дейді полицейлер.
Әйелдің басы жақын жердегі сауда орындарының бірінен табылды. Қазіргі кезде Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық істі қозғады. Күдікті іздестіріліп жатыр.
Массовые беспорядки в Алматы, архивное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2023
Қаңтар оқиғасы кезінде адамның басы кесілді деген ақпарат расталмады - бас прокурор
Жаңалықтар
0