Шымкентте өртенген пәтерден ер адамның мәйіті табылды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаСпасатели Семея вытащили женщину и ребенка из-под завала обрушившейся крыши
Спасатели Семея вытащили женщину и ребенка из-под завала обрушившейся крыши - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Шымкентте 12 сәуірге қараған түні көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды otyrar.kz.
Тұрғындар өрт сөндірушілерді шақырған. 17-шағынаудандағы үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түнгі сағат бір шамасында түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері келген уақытта үшінші қабатта орналасқан пәтерде жиһаздар мен заттар өртеніп жатты.
"Пәтерден 1962 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Қою түтінге байланысты тұрғындарды эвакуацияланды", - делінген Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Көршілерінің айтуынша, ер адам жалғыз тұрған, ішімдікке үйір болған. Бұл пәтерде бұған дейін де өрт шыққан, көршілері дер кезінде байқап, ол аман қалған.
Өрттің және ер адамның өлімінің себебін анықтау үшін тексеру жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0