Еркін күрестен Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық жеңімпаз атанды

© мәдениет және спопт министрлігіеркін күрес чемпионат
еркін күрес чемпионат - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Еркін күрестен 79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Болат Сақаев өзбекстандық Бекзод Абдурахмоновты ұтып, Азия чемпионы атанды.
Есеп 7:4. Айта кетейік, Сақаевтың қарсыласы Токио Олимпиадасында қола жүлде (74 кг) жеңіп алған тəжірибелі палуан. Бұл біздің құраманың Астанада өтіп жатқан құрлық бəсекесіндегі 5 - алтын жүлдесі.
Бұған дейін Санжар Досжанов, Жәмилə Бақбергенова, Эльмира Сыздықова мен Ибрагим Магомадов алтын медаль жеңіп алған.
Жаңалықтар
0