Қоғам

Енді саңырауқұлақ пен жидек терген қазақстандықтар жаңа салық төлейді

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуСаңырауқұлақ
Саңырауқұлақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. 2024 жылдан бастап қазақстандықтар саңырауқұлақ пен жидек тергені үшін салық төлейді, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағында өсімдік, жидек, жаңғақ, саңырауқұлақ жинаған кезде ғана салық төленеді.
Мемлекеттік орман қоры аумақтарынан және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жиналатын фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық қажеттіліктер үшін өсімдіктердің жабайы түрлері бойынша төлемдер өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ретінде қаралады. Өсімдіктердің жабайы түрлерін жинау кезінде алынады", - делінген ақпаратта.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары өсімдік түрлерін, өсімдіктің жабайы түрлерін жинаудың бір келісі үшін төлемақы мөлшерін белгілейді. Сондай-ақ төлемақы сомасын есептейді.
Өсімдіктердің жабайы түрін жинайтындар өсімдіктерді дайындап, жинаған орны бойынша бюджетке төлемақы төлейді.
Төлемақы бойынша салық есептілігі ұсынылмайды.
Следственный изолятор - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2022
Жидек терген әйелді атқан кім: СҚО-да зейнеткермен бірге полицей қамауға алынды
Жаңалықтар
0