Адам өлтірді деген күдікпен халықаралық іздеуде болған қызылордалық ұсталды

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуАрхивное фото человека в клетке для подсудимых
Архивное фото человека в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Адам өлтірді деген күдікпен халықаралық іздеуге жарияланған қызылордалық ұсталды, деп хабарлайды Рolisia.kz.
24 сәуір күні Қызылорда облысы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен ("Адам өлтіру") күдікті ретінде танылып, халықаралық іздеуге жарияланған Қызылорда қаласының тұрғынын ұстады. Ол 2022 жылдан бері тергеуден бой тасалап жүрген болатын.
"2022 жылы күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Жедел уәкілдер күдіктіні қала аумағындағы жалдамалы пәтердің бірінде жасырынып жатқан жерінен ұстады Қазір ол Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген полиция мәліметінде.
Жаңалықтар
0