Алматы облысында шетелдік әйелдің мәйіті табылды

© Photo : Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіАлматы облысында адам өлтірді деген күдікпен 34 жастағы өзбек азаматы ұсталды
Алматы облысында адам өлтірді деген күдікпен 34 жастағы өзбек азаматы ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 сәуір – Sputnik. Алматы маңындағы қонақ үйлердің бірінде өзбекстандық әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 20 сәуірде болған.
"20 сәуірде сағат 14:25-те Қарасай ауданының аумағында орналасқан қонақ үйлердің бірінен 26 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК "Кісі өлтіру" 99-бабының 1-бөлігі бойынша Қарасай ауданының полициясында тіркелді", - дейді ведомство.
Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 34 жастағы өзбек азаматы ұсталып, қамауға алынды.
Алматыдағы базар - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2023
Алматыда әйелдің басын кесіп тастаған күдікті ұсталды
Жаңалықтар
0