Екібастұзда полиэтилен қапшықтан адамның сүйегі табылды

© Pixabay / ZezyaЧереп
Череп - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Екібастұз қаласында полиэтилен қапшықтан адамның сүйегі шықты. Полиция мәйіттің кім екенін анықтауға көмек көрсетуді сұрайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
24 сәуірде Нұралин көшесіндегі ескі зираттың жанында еріген қар суынан полиэтилен қапшық табылды. Оның ішінен адамның сүйегі шыққан. Марқұмның үстінде "Челси" футбол командасының эмблемасы бар көк түсті Adidas футболкасы мен сұр жолақтары бар қара күртеше болған. Сондай-ақ пакеттен Nike-тің қара түсті спорттық шалбары мен шұлықтары шықты.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бабы бойынша сотқа дейінгі шаралары басталды. Сот-медициналық сараптама жасалады. Полиция мәйіттің кім екенін анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.
Екібастұз қаласының полиция басқармасы: 8 (7187) 75-06-06, 75-05-54, 75-05-45. Қылмыстық полиция бөлімі: 8-776-269-41-28, 8-775-334-57-95.
Сондай-ақ 102-ге қоңырау шалуға болады. Ақпарат берген адамның ата-жөні жарияланбайды, анонимділікке кепілдік беріліп отыр.
Жаңалықтар
0