Қоғам

Шілде айынан бастап 7 және одан көп баласы бар аналардың жәрдемақысы өседі

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға берілетін жәрдемақы 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін артады.
Биыл 7,4 АЕК-тің мөлшері – 25 530 теңге. Ол 90 мыңға жуық марапатталған анаға төленеді.
"2023 жылғы 1 шілдеден бастап республикалық бюджеттен "Алтын алқа" алған, "Батыр ана" атағы бар, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін (2023 жылы – 25 530 теңге) өседі. Тиісті норма Әлеуметтік кодексте көзделген", - деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Әлеуметтік кодекстің жаңашылдықтарының бірі – "Наградталған ана" деген жаңа ұғымды енгізу. Бұл мәртебе "Күміс алқа", "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған әйелдерге беріледі.
Министрлік ақпаратынша, бүгінгі таңда 6, 7 және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады. Ал Әлеуметтік кодексте наградталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшерін саралау көзделген.
Жәрдемақы алушыларға 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша оның мөлшерін арттыру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Жаңалықтар
0