Өңірлер

Кәріз қалдығын су қоймаларына ағызған "Жамбыл су" кәсіпорнына айыппұл салынды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында "Жамбыл су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны кәріз қалдықтарын екі су қоймасына заңсыз төккен, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
Экологтар жоспардан тыс тексеріс барысында заңбұзушылықтарды анықтады. Мекемедегі олқылық сүзгі құралдарының толып кетуінен болған.
"Арнайы мамандар жедел шығып, ағынды сулардың сынамаларын алды. Сынақ нәтижелері бойынша Көктем-1 және Көктем-2 су қоймаларының ластануы анықталды. Артық азот анықталған. "Жамбыл су" МКК-ға 1 млн 225 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", - дейді экология департаментінің сынақ зертханасының жетекшісі Джахангир Назарбеков.
Облыста қосымша 12 кәріз суы төгілетін орын салынды. Бірақ бұл проблеманы уақытша ғана шешеді, дейді мамандар. Облыс орталығының барлық кәріз ағынынан шамамен 80 мың текше метр шайынды су күн сайын тұндырғыштарға, содан кейін сүзу алаңдарына түседі.
Айтпақшы, Таразда кәріз суларын тазартуға арналған кешен болмағандықтан, ескі әдісті қолдануға мәжбүр. Болашақта кәріз ағындарының құрылысын тазарту кешенін салу қажет. Қазір қаржыландыру көзі іздестіріліп жатыр. Алайда бұл жұмыс миллиардтаған қаражатты талап етеді.
Жаңалықтар
0