Елорда тынысы

Астанада балаларды аңдыған ер адам іздестіріліп жатыр - видео

© Sputnik / Владислав ВодневКабина лифта, кнопки
Кабина лифта, кнопки - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Астанада белгісіз ер адам жас балалардың соңынан жүріп оларды үйдің есігіне дейін аңдыңаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Кадрда ер адам үш баланың соңынан кіреберіске қалай кіргені көрініп тұр.
Осыдан кейін күдікті олармен бірге лифтке мінді. Сол кезде кабинаға тағы екі бала кірген. Ер адам балалар барған қабатқа дейін барды. Олардың қай пәтерге кіргенін қадағалаған ер адам есік астында ұзақ тұрды.
Сарыарқа ауданының полиция бөлімі ер адамның жеке басын анықтау шараларын жүргізіп жатыр.
"Қорытындысы бойынша оның әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады", - деді полицияда.
Мягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2022
Қоғам
Көкшетауда бес жасар баланы аш күйінде байлауда ұстаған
Жаңалықтар
0