"10 жылдап күткендер бар": Астана әкімі проблемалы үйлердің үлескерлерімен кездесті

© Photo : Пресс-служба акима Астаны Астана әкімі проблемалы үйлердің үлескерлерімен кездесті
Астана әкімі проблемалы үйлердің үлескерлерімен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында сақалды құрылыс үлескерлерімен кездесуі туралы жазды.
Қасымбектің айтуынша, ол Астанада атышулы "Зере-2", "Араби 2 - Гранитный 2", "Мирный дом", " Коргалжинский квартал" тұрғын үй кешендерінің құрылыс алаңдарында болып, баспанасына қолы жетпей жүрген тұрғындармен кездескен.
"Әр үйдің өз ауыртпашылығы бар, кейбір тұрғындар үйін он жылдап күтіп келеді", - деді әкім.
Кейбір нысандар уақыттан едәуір артта қалса, енді бірінің құрылыс сапасы төмен болып шығады, деп мойындады ол.
Астана әкімі мердігерлерге құрылыс қарқынын арттыру қажеттігін айтты.
Жеңіс Қасымбектің пікірінше, құрылыс салушылар құрылыс маусымын барынша пайдалануға тиіс, бірақ құрылыс сапасы да назардан тыс қалмауы керек.
Строительство жилья - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2022
Атырауда алданған үлескерлер индустрия министрлігінен көмек сұрады
Жаңалықтар
0