Денсаулық

Радикулит: туындау себептері және емдеу әдістері

© Photo : GloballookpressРадикулит
Радикулит - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2023
Жазылу
"Радикулит" терминімен байланысты екі проблема бар: біріншіден, арқадағы барлық ауырсыну бұл ұғымға жатпайды, екіншіден, бұл терминнің өзі ескірген, қазір ол медицинада қолданылмайды.
"Радикулит" диагнозы дәрігерлер терминологиясынан неге жоғалып кетті? Ең алдымен,"радикулит" атауы гректің "radix" – жүйке түбірі терминінен шыққанын айту керек. Ал "ит" жалғауы қабыну процесін сипаттайды.
Осыдан 50-70 жыл бұрын дәрігерлер мойын, бел немесе арқаның басқа бөліктеріндегі ауырсыну жұлыннан таралатын жүйке түбірлерінің қабынуымен байланысты деп есептеді. Сондықтан емдеу кезінде қабынуға қарсы терапиямен бірге антибиотиктер қабылдауға тура келеді. Бірақ осы ауруды зерттеу барысында арқадағы ауырсынудың асқынуы жұлын түбіршегінің қабынуын білдірмейді. Жанға батқан ауырсыну, адамның өзін жайсыз сезінуі жүйке талшықтарының тітіркенуімен, қысылуымен байланысты екені анықталды. Сондықтан бүгінгі күнде бұл термин – радикулопатиямен (немесе басқаша айтқанда –түбірлік синдром) ауыстырылды. Егер науқас "радикулит" ауруына шағымданып келсе, дәрігер бұл қандай ауру екенін бірден түсінеді. Бірақ ол картаға мүлдем басқа диагнозды жазады.
тізе - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2023
Денсаулық
Буын аурулары және оны емдеу жолдары
Тағы бір ескеретін мәселе бар. Арқадағы әрбір ауырсыну жұлын түбіршегі синдромымен байланысты емес, басқа тіндер - бұлшықеттер, сүйектер, буындар және т.б. себеп болуы мүмкін. Мұндайда дорсопатия туралы айту керек. Бұл – омыртқаның өзінде және оның айналасындағы құрылымдарда (жұмсақ тіндерде) дегенеративті-дистрофиялық өзгерістер оның негізі болатын аурулар тобы.

Радикулит себептері

Радикулопатия – бұл ауру емес, бұл неврологиялық синдром, жұлыннан таралатын бір немесе бірнеше жұлын түбіршегінің тітіркенуі кезінде пайда болатын адамның белгілі бір шағымдарының тобы. Жұлын түбіршектері омыртқаның жанында орналасып, оның белгілі біреуіне қатаң сәйкес келеді. Ол жұлыннан кіші омыртқааралық саңылау аймағында ажырайды, ол байламдармен, тамырлы өрімдер және белгілі бір бұлшықеттермен қоршалған. Осы элементтердің кез келгенінде (сүйек немесе жұмсақ тіндерде) өзгерістер болса, жұлын түбіршектері тітіркенуі немесе қысылуы мүмкін.
Радикулит белгілері қалай пайда болады? Қандай проблемалар ауырсынуды және қосымша шағымдарды тудыруы мүмкін?
Бірқатар фактор бар:
арқаның әрқилы бөліктеріндегі түрлі жарақаттар (мойыннан құйымшаққа дейін);
қимылдың аздығы және жаттығу жасамаудың салдарынан бұлшықет әлсіздігі;
сүйек пен байлам элементтеріне, бұлшықет тонусына теріс әсер ететін гормоналды, зат алмасулық бұзылулар;
дегенерация және дистрофиямен байланысты жасқа қатысты процестер (остеохондроздың асқынуы);
созылмалы қабыну процестері;
дене мүсінінің түрліше бұзылуы;
омыртқаға жасалған ота аумағындағы асқынулар;
гравитациялық жүктеме, ауыр дене еңбегі, ауыр жүк көтеру;
омыртқаның құрылымындағы туа біткен немесе жүре пайда болған аномалиялар;
омыртқа және оның айналасындағы тіндерде қатерлі ісіктің пайда болуы;
омыртқалардың әдеттегі орнынан ығысуына байланысты омыртқааралық және жұлын өзегінің күрт тарылуы;
омыртқааралық дискілер аймағында жарық немесе протрузия пайда болуы.
Радикулопатияның ең жиі тіркелетін себептері: остеохондроздың салдарынан болатын қарқынды өзгерістер және омыртқааралық дискілердегі өзгерістер. Уақыт өте келе дискілер жұқарады, олар икемділігін жоғалтады. Егер тиісті ем-дом қабылданбаса, олар бірте-бірте ыдырай бастайды, деформацияланады, жарықты түйіндер пайда болады.

Радикулит белгілері

Әдетте радикулит белгілері дискілердің протрузиясы немесе жарық түйіндері пайда болған кезде қалыптасады. Олар фиброзды сақина аймағында қатты жұқарған омыртқааралық дискінің төңірегінде болады. Бастапқыда, яғни сақина бүтін кезде протрузия, фиброзды қабық жарылған кезде жарық пайда болады.
Түйіншектер омыртқаның оң және сол жағы арқылы өтетін жүйке түбіршектеріне қысым жасауы мүмкін. Бастапқыда жүйкенің қабықтары ғана тітіркенеді, бірақ процесс баяуламаса, бірте-бірте барлық жүйке түбірлері қысылады да, бұл дискогендік радикулопатия деп аталатын ауруға әкеледі.
Жұлын түбіршегі синдромынының асқынуының екі кезеңі бар. Олардағы белгілер бір-бірінен ерекшеленеді.
Біріншісі немесе неврологиялық кезең.Оған зардап шеккен түбір аймағындағы тіндердің сезімталдығының жоғарылауы, мерзімді өткір ауырсыну, бұлшықеттердің қорғаныштық тырысуы тән. Сондықтан адамдар көптеген жағдайда қалыптан тыс позаны таңдауға мәжбүр болады. Белгілі бір (паравертебральды) нүктелерді басқан кезде ауырсыну сезіледі.
Екінші немесе невротикалық кезең. Бұл кезеңде зардап шеккен жұлын түбіршегінің "қызмет ететін" аймақта сезімталдық қабілеті бұзылады. Бұлшықеттер тырысып, ауырсынады. Радикулопатияның әр түріне тән ерекше белгілер бар.
Барлық радикулопатия үшін тән ортақ симптом – бұл ауырсыну, бірақ ол жеңіл ауырсынудан ауыр ауырсынуға дейін болуы мүмкін, яғни адам қолдарын немесе аяқтарын қозғалта алмай, арқасын бүге алмауы мүмкін.
Мойын радикулопатиясы кезінде адамда таңертең өткір ауырсыну байқалады. Иық пен қолға таралатын мойын аймағындағы ауырсыну, бас ауруы, мойын бұлшықеттерінің тырысуы және олардың ауыруы, ұю, қалтырау немесе шаншу сезімі туындайды. Зақымдалған аймақтағы тері құрғақ және салқын болуы, қабыршықтануы мүмкін.
Приступ, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2023
Денсаулық
Бауыр неге ауырады: белгілері мен емдеу жолдары
Кеуде радикулопатиясы кезінде төменгі қабырғалар бойында жауырын арасындағы ауырсыну байқалады, ол белге қарай ығысуы мүмкін. Қолтықта немесе иықта, қолдың ортаңғы саусағында шаншу болуы ықтимал. Сондай-ақ иық бұлшықеттерінде, әсіресе трицепсте әлсіздік байқалуы да ғажап емес. Көбінесе ауырсыну стенокардия ұстамасына немесе инфарктқа ұқсайды.
Бел-сегізкөз радикулопатиясы кезінде жамбастан табанға дейін таралатын бөксе аймағындағы қатты ауырсыну байқалады. Белдегі ауырсыну аяқтан үлкен саусаққа дейін шаншу тудыруы мүмкін. Ауырсыну және бұлшықет шаншуына байланысты қозғалу еркіндігі бұзылады – шұғыл қозғалыстарда немесе бүгілген кезде өткір ауырсыну болуы мүмкін. Зақымдалған жақтағы аяқтың сезімталдығы төмендейді, бұлшықеттер әлсірейді.

Радикулитті емдеу

Ауру белгілері пайда болған кезде өздігінен емделуге болмайды, бұл жағдайды асқындыруы мүмкін. Дереу дәрігерге қаралу керек.

Диагностикасы

Диагноз науқаспен егжей-тегжейлі әңгімелесу және барлық симптомдарды, соның ішінде маңызы жоқ ауру белгілерін нақтылау барысында анықталады. Дәрігерге ауырсынудың түрін, оның ауырлығын және ұзақтығын, сондай-ақ терінің ұюы, тітіркенуі, қызуы секілді барлық жай-күйді баяндап беру керек.
Қажет болған жағдайда дәрігер омыртқалардың деформациясын және дегенеративті-дистрофиялық процестің ауырлығын, омыртқа денелерінің қаншалықты жылжығанын анықтайтын рентгенографияға жібереді.
Дискінің протрузиясын немесе түйіндерді анықтау үшін омыртқаның сәйкес бөлімін МРТ арқылы тексереді, бұлшықет тонусын анықтау үшін электромиография жүргізіледі.

Заманауи емдеу әдістері

Емдеу әдістері аурудың асқынуы қай кезеңде екенін ескере отырып, әр науқасқа жеке белгіленеді.
Радикулитті емдеу туралы ортопед-травматолог, остеопат, "Өмір сапасы" оңалту клиникасының маманы Максим Колинский айтып берді.
Егер ауырсыну салыстырмалы түрде орташа болса, қозғалысты ішінара шектеу керек, ал өте қатты ауырсыну кеезінде зардап шеккен аймақ қозғалысқа түспейтіндей бірнеше күн бойы толық демалу қажет.
Арнайы ортездердің көмегімен көп қозғалмау үшін зақымдалған омыртқа бөлігі бекітіледі.
Дәрі-дәрмектер белгіленуі мүмкін және олар қабынуға қарсы, миорелаксанттар, несеп айдайтын препараттар болуы ықтимал. Қажет болған жағдайда кортикостероидтардың қысқа курсы белгіленуі мүмкін. Ауырсынудың тұрақты түрде болуына жол бермес үшін осы кезеңнен бастап шеміршек тінін қалпына келтіретін препараттар ұсынуы мүмкін.
Ауырсыну басылғанына қарай шамамен 5-10 күннен кейін дәрі-дәрмексіз емделу қажет болады. Атап айтқанда:
жүктемелер науқастың жағдайына және жаттығуларға төзімділікке сәйкес таңдалатын емдік дене жаттығуы жүйелі және тұрақты түрде жүргізіледі;
омыртқа буындарындағы тырысуды, бұлшықет шаншуын жоюға көмектесетін мануалды терапиядан өтеді, ол патологиялық омыртқалы деформацияларды түзетеді, жалпы жағдайды жақсартады;
тракционды терапия зақымдану орнын жансыздандыру, бұлшықет тонусын азайту және зақымдалған аймақта тырысуды босату, жүйке тамырларының қысылуын болдырмайтын дискілер ішіндегі қысымды азайту үшін жүргізіледі;
физиотерапия бел ауруы кезіндегі кешенді әсер ретінде белгіленеді;
ауырсынуды және бұлшықет түйілуін жоюға арналған акупунктура, биологиялық белсенді нүктелерге әсер ету арқылы зақымдалған жүйкелердің жұмысын қалыпқа келтіру, әсіресе рефлекторлық синдромдарда қолданылады;
гирудотерапия – емдік сүліктерді қолдану.
Емдеу әдістері барлық ықтимал қарсы көрсеткіштерді және нәтижелерге әсер етуі мүмкін ілеспе факторларды ескере отырып, әр науқас үшін жеке таңдалады.
Ауыр остеопороз, спондиллез кезінде, омыртқаның жеке сегменттерінің аймағында аномальді қозғалғыштық болса, омыртқаның немесе жұлынның туа біткен ақаулары бар болса, мануалды терапия белгіленбейді.

Созылмалы ауырсыну синдромын емдеу

Егер ауырсыну ұзаққа созылса, антидепрессанттар белігленуі мүмкін, бұлшықетті босаңсытатын, седативті әсері бар препараттарға басымдық беріледі. Олар дәрігердің таңдауы бойынша дәрі-дәрмексіз емдеу әдістерімен біріктіріледі. Емдеу әдістері психотерапиялық курспен және шипажайларда емдеумен толықтырылады.
Хирургиялық емдеу жүргізілуі мүмкін, бірақ оған нақты көрсеткіштер болуы керек. Ота жасау белгіленуі үшін қажетті көрсеткіштердің арасында табаннның ішінара жансыздануына әкелетін жүйке тамырларының қысылуы, жыныс аймағында және тік ішекте сезімталдылықтың бұзылуы, жамбас органдары жұмысының бұзылуы бар. Консервативті терапия 6-12 ай бойы әсер етпесе, хирургиялық әдістер қолданылады. Бірақ емдеу отамен аяқталмайтынын түсіну керек. Бұл ұзаққа созылатын оңалту кезеңінің бір бөлігі ғана.

Радикулиттің үйдегі профилактикасы

Ауырсыну синдромдары мен асқынуының алдын алудың негізі – тұрақты, жиі физикалық дене жаттығуын және гимнастика жасау, өмір салтын өзгерту және барлық ауырсыну қоздырғыштарын жою.
Нәтиженің ұзақ уақытқа сақталуында, одан әрі емдеуде және алдын алуда емдік дене жаттығулары басты рөл атқарады.

Жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Радикулитке қарсы тиімді халық емі бар ма?
Халық медицинасының әдістеріне қатысты сақ болу керек. Олар көмектесуден гөрі көп зиян тигізуі мүмкін. Радикулопатия кезінде зардап шеккен аймақты салқыннан қорғау, арқаны жылы ұстау ұсынылғанымен, жылытқыш құрал, ыстық тұз немесе құм салынған қап, әртүрлі ысқылау жақпамайларын пайдалануға болмайды. Бұл жұлын түбіршегі аймағында ісінуді арттырады және ауырсынуды күшейтеді.
Ит жүнінен дайындалған белбеу радикулит кезінде көмектесе ме?
Бел аймағы жылы жүруі үшін әртүрлі белбеуді, соның ішінде ит жүнінен даайындалған белбеуді де қолдануға болады. Бірақ қарапайым жылы киім, бел аймағында байланған орамал да бұл міндетті тиімді атқара алады. Ит жүнінің ғажайып немесе емдік әсері жоқ. Оның негізгі міндеті – арқаны жылы ұстау. Сондықтан мұндай белбеуге көп ақша жұмсау дұрыс емес.
Жаңалықтар
0