SMS жазып, кездесуге шақырған: 11 жастағы қызға қырындаған ер адамға іздеу жарияланды

© Photo : pixabay.comТелефон в руках подростка, иллюстративное фото
Телефон в руках подростка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 16 мамыр - Sputnik. Алматы облысы Іле ауданында 11 жастағы қызды аңдыған 55 жастағы ер адамға іздеу жарияланды. Жеткіншектің анасы Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Қыздың анасы Динара Айтмұратова 7 мамырдан бері ұйқыдан қалған.

"Менің әпкемнің қол астында бір жыл бұрын құрылысшы жұмыс істеген. Сол құрылысшы 11 жастағы қызыма қырындап, кездесуге шақырған. Басында бала түсінбей телефон номерін сұраса бере салыпты. Қызым магазинге барғанда да аңдып, неше түрлі сөздер айтқан. "Сен әдемісің, мен сені сағынып жүрмін, ойымнан шықпайсың, кездесейік" деп жаза берген", - дейді Динара Айтмұратова.

Қыздың туыстары құрылысшыдан ұялы телефонын алып алған. Алайда ол хабарламаларды өшіріп тастаған.
"Оның жасы 55-те. Қызымның номерін алғанын, жазғанын мойындады. Өзінің телефонынан хабарламаларды өшіріп тастаған. Бірақ мен кей жазбаларды скрин жасап үлгердім. Ұялы телефонын ақтарып қарасақ, тек порновидеолар көреді екен. Оның ішінде балалардың қатысумен болған порновидеолар бар. Көріп жаның түршігеді. Біз полиция шақырттық, ол қашып кетті", - дейді қыздың анасы.
Тұратын жеріне іздеп барғанда азаматтық некедегі әйелі ер адамның Қазақстанда заңсыз жүргенін айтқан.
"Бір әйелмен екі жылдан бері азаматтық некеде тұрады. Ол әйел фамилиясын, кім екенін анық білмейтін болып шықты. Ер адам Қазақстанда заңсыз жүрген екен, негізі Қарақалпақстан жерінен келген. Басқа аналар сақ болсын деп дабыл қағып жатырмын. Түрін көрсін, білсін, балаларына абай болса екен деймін. Оның есімі - Сабыр, 1968 жылы туған", - дейді Динара Айтмұратова.
Полиция Сабыр есімді ер адамға фотосы арқылы іздеу жариялады.
"Бұл факт аудандық полицияда тіркелген. Қазіргі уақытта бұл адамның тегін және орналасқан жерін анықтау бойынша бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Іздестіру жұмыстарының нәтижелері бойынша оқиғаға қолданыстағы заңнама шеңберінде құқықтық баға берілетін болады", - дейді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ернар Сайдилдин.
Сотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2021
Қоғам
32 педофил бостандыққа шығады – депутат алаңдаушылық білдірді
Жаңалықтар
0