Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 5%-ке өсті

© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, архивное фото
Монеты, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Биыл қаңтар-сәуір айларында елдің ішкі жалпы өнімі бес пайызға өсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Биыл 4 айда былтырғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда Қазақстан экономикасы 5%-ке өсті. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 4,8%-ті, ал қызмет көрсету саласындағы өсім – 4,9%-ті құрады", - деді ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.
Айтуынша, негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалып отыр. Әсіресе құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғары өсім көрсетті.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 18%-ке өсті. Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 39,3%-ке, ауыл шаруашылығында – 26,5%-ке, жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларда – 10%-ке, сондай-ақ өнеркәсіпте – 18,1%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 17,3%-ке және өңдеу өнеркәсібінде – 7%-ке артты.
Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды.
"Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда тауар айналымы 13,4%-ке өсіп, 32,7 млрд долларды құрады. Экспорт 18,7 млрд доллар болды. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 8,1%-ке ұлғайып, 5,9 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 14 млрд долларды құрады", - деді министр.
Жалпы, оң сауда балансы 4,8 млрд долларға тең.
Жаңалықтар
0