Өңірлер

Ақмола облысында экс-әкім сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Жазылу
Енді елді мекеннің бұрынғы басшысы мемлекеттік қызмет пен ұлттық компанияларда ешқашан жұмыс істей алмайды
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Ақмола облысы Шортанды ауылының бұрынғы әкімі құқық қорғау органының қызметкеріне пара бергені үшін сотталды. Қылмыстық істі тоқтатуға 8 млн теңгеге жуық ақша ұсынған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Көкшетау қалалық сотының үкімімен Шортанды ауылының экс-әкімі М. төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.
"Ол өзіне қатысты қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органының қызметкеріне 7,9 млн теңге пара бергені үшін кінәлі деп танылды", - деп нақтылады Ақмола облысы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі.
Экс-әкім мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Абылай Мырзахметов - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2023
Қоғам
Абылай Мырзахметов пара үшін ұсталды – Антикор
Жаңалықтар
0