Экономика

Қытай Қазақстанда жел паркін және жел турбиналарын шығаратын зауыттар салады

© Sputnik / Владислав ВодневЖел энергиясы
Жел энергиясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 мамыр - Sputnik. Қытай компаниялары Қазақстанда жаңа жел паркін салып, жел турбиналарын өндіреді. Бұл жөнінде Сианьде Қазақстан президентінің Қытайға мемлекеттік сапары аясында меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды samrukazynaofficial телеграм-каналы.
Құжатқа "Самұрық-Қазына", Қазақстан энергетика министрлігі, Қытай мемлекеттік энергетикалық инвестициялық корпорациясы (CPIH) және Қытай SANY Renewable Energy қол қойды.
Сондай-ақ Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станцияларының жаңа паркі құрылатын болады. Нәтижесінде Қазақстанда жаңартылатын генерацияның жиынтық қуаты 40%-ға артады.
Сонымен қатар жел паркінің жанында энергия сақтау құрылғысы жоспарланған – бұл ауа-райы өзгерген кезде жел генерациясының ауытқуын қалыпта ұстауға мүмкіндік береді.
Бұған қоса CPIH ҚР-да мұнаралар мен жел турбиналарына арналған қалақтар шығаратын бірнеше заманауи зауыттар салуға ниетті.
Қытайдың Сиань қаласында Қазақстанның логистика орталығы ашылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2023
Саясат
Қытайдың Сиань қаласында Қазақстанның логистика орталығы ашылады
Жаңалықтар
0