Қоғам

Fly Arystan Астана – Анкара рейстерін ашады

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Fly Arystan әуе компаниясы 23 мамырдан бастап Қазақстан мен Түркия астаналары арасында рейстерді іске қосады.
ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компанияларымен бірлесіп халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
"2023 жылғы 23 мамырдан бастап Fly Arystan компаниясы аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі, сенбі) Астана – Анкара бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.
Жолаушыларды Airbus-320 типті әуе кемелері тасымалдайды.
Рейстер санының артуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, деп санайды ведомство.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2023
Қоғам
Египет әуе компаниясы Қазақстанға тұрақты рейстер ашады
Жаңалықтар
0