Қоғам

Қазақстан мен Өзбекстан арасында рейстер саны артады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. FlyArystan шілде айында Астана мен Ташкент арасында жаңа рейстерді іске қосады.
"2023 жылғы 3 шілдеден бастап "FlyArystan" әуе тасымалдаушысы аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі) Астана-Ташкент бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр", - деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Жолаушыларды А–320 типті әуе кемелері тасымалдайды.
Рейстер санының артуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастардың одан әрі дамуына ықпал етеді, деп санайды министрлік.
ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастырады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2023
Қоғам
Египет әуе компаниясы Қазақстанға тұрақты рейстер ашады
Жаңалықтар
0