Әйелдің мәйітін жүк салғышта 2 күн сақтаған: күдіктіге қатысты сот басталды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Ақтөбе тұрғыны 47 жастағы әйелді 35 жерден пышақтап өлтіріп, оның жансыз денесін екі күн автокөлігінің жүк салғышында сақтаған.
Сотта күдікті қылмысты қалай жасағанын толық айтып берді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
Қылмыстық іс материалдарына жүгінсек, күдікті марқұм келіншекпен биыл ақпанда танысқан. Өзін ажырасқанмын деп таныстырып, екеуі кездесіп жүрген. Кейін әйел жігіттің отбасы бар екенін біліп қалып, жанжал шыққан. "Әйеліңе айтып қоямын"дегенді естігенде күдікті көлігінде тұрған пышақты алып, келіншекті 35 жерден пышақтап тастапты.
Сотқа жәбірленушінің жақындары мен қызы қатысты. Олар кешірім бермейтінін айтты. Күдікті басқа әйелмен байланысын отбасы, әйелі біліп қояды деп қорыққаннан осындай қылмысқа барған. Кейін есін жинап, мәйітті жүк салғышына салып көлікті үйіне әкеліп қойыпты. Қан болған киімдерін машинкада жуып, қылмысты жасырмақ ойы болған.
"Мұратәлиеваға пышақпен көптеген соққы жасап, 35 жерден дене жарақатын келтірген. Салдарынан ол оқиға орнында қаза болды", - деді мемлекеттік айыптаушы Эльдар Әбиев.
Еске сала кетейік, 23 ақпанда әкімдік қызметкері 47 жастағы келіншек ұшты-күйлі жоғалып кетеді. Екі күннен кейін оның денесі күдіктінің көлігінің жүк салғышынан табылды. Қылмыс көше камераларының көмегімен ашылған.
мұғалім - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2021
Оқиға
Мәйітті жеті ай үйде сақтаған атыраулық ұстаз жұмыстан шығарылды
Жаңалықтар
0