Шетелдіктердің мазасын алған: Алматыда таксистке сот үкімі шықты

© Sputnik / Абзал КалиевСудебное разбирательство в отношении экс-заместителей министра энергетики - Гани Садибекова и Бакытжана Джаксалиева
Судебное разбирательство в отношении экс-заместителей министра энергетики - Гани Садибекова и Бакытжана Джаксалиева - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 мамыр - Sputnik. Алматыда шетел азаматтарының мазасын алған таксистке сот үкімі шықты, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.
Алматылық таксист Үндістаннан келген азаматтың мазасын алған.

"Сот таксистің бұдан бұрын да Әкімшілік Кодекстің 449 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын анықтады. Ол 2023 жылғы 21 мамырда Алматы қаласындағы халықаралық әуежайдың аумағында қоғамдық тәртіпті бұзып, Үндістан азаматы V-ға тасымалдау қызметтерін көрсету мақсатында оның мазасын алған", - дейді ведомство.

Сот отырысында такси жүргізушісі кінәсін толық мойындап, өкінетіндігін айтқан.
"Сот әдептілік қағидаларын елемеу, айналасындағыларға құрметпен қарамау, жол берілмейтін іс-әрекет, яғни азаматтардың мазасын алу секілді куәландырылған құқық бұзушылықты назарға ала отырып, таксисті 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады", - дейді қалалық соттың баспасөз қызметі.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0