Экономика

Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды - сенат спикері маңызды мәселені көтерді

© Sputnik / Владислав ВодневАқша, теңге
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 маусым - Sputnik. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспановтың айтуынша, ондай аймақтарды құруға ел бюджетінен 450 миллиард теңгедей кетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша сол ақшаның 360 миллиард теңгесі салық ретінде түсті.

“Ал, ең бастысы, арнайы экономикалық аймақтарда Қазақстанда бұрын шығарылмаған тауарлар өндіріле бастады. Жалпы осы уақытқа дейін шығарылған өнім сомасы 7 триллион теңгеден асып отыр”, - деді Әшімбаев.

Сенат спикері болса, вице-спикердің сөзіне күмән келтіріп, жоғары аудиторлық палатаның есебін алға тартты.
“Мәселен, Атырау қаласында ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі бар. Істеп тұр дейсіз, ал жоғары аудиторлық палатаның мәліметі бойынша соңғы жылдары осы арнайы экономикалық аймаққа 162 миллиард теңге салынды. Бірақ 2013-2020 жылдар аралығында 16 миллиард теңгенің салығы ғана төленді. Сонда мемлекет өзі салған ақшаның 10 процентін ғана қайтарып отыр", - деп атап көрсетті Әшімбаев.
Ол экономикалық аймаққа қыруар қаржы салынса да, инфрақұрылымы 17 процентке ғана жасалғанын жеткізді. Демек, 80 проценті әлі дайын емес.
Спикердің айтуынша, бір қызығы, инфрақұрылымға шетелдік қаржыны тартуға болатын еді. Бірақ қаржы тағы квазимемлекеттік саладан, яғни, өзімізден алынған.
Әшімбаев 15 маусымда бюджет шығындарын қарау кезінде осы және тағы басқа мәселелерді көтеруді тапсырды.
Доллар - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2023
Соңғы он жылда Ұлттық қордан 23 млрд доллар алынды
Жаңалықтар
0