Тоқаев 3 маусымда Анкараға барады

© PhotoҚасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған   - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусым күні Режеп Тайип Ердоғанның шақыруы бойынша Анкараға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады ақорда.
Осы күні мемлекет басшысы Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады.
1 маусымда Ердоған жаңа министрлер кабинетінің тізімін жариялайды, деп бұған дейін президент кеңесшісі Мехмет Учум хабарлаған болатын.
Түркиядағы президент сайлауының екінші турында Ердоған 52 пайыздан астам дауыс жинап, жеңіске жетті.
Главы государств на саммите СВМДА в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2023
Тоқаев Ердоғанды жеңісімен құттықтады
Жаңалықтар
0