Ердоған Тоқаевқа ұлықтау рәсіміне қатысқаны үшін ризашылығын білдірді

© Photo : АқордаҚасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 маусым - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Анкарадағы "Кулие" сарайында өткен Түркия Республикасының президентін ұлықтау рәсіміне қатысты.
Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған сөйлеген сөзінде ұлықтау рәсіміне арнайы келіп қатысқаны үшін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы ризашылығын білдірді.
Салтанатты шараға 40-тан астам мемлекеттің басшыларын, үкіметтер мен парламенттердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерін қоса алғанда 90-нан астам делегация өкілі қатысты.
Қазақстандық құтқарушылар,Түркия - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2023
Түркия Алматыға 30 құтқарушыны оқуға жіберуге дайын
Жаңалықтар
0