Өңірлер

Алматыда полицей турист әйелді итеріп жіберді – желіде оқиғаның видеосы тарады

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицей
Полицей - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Алматы қаласында патрульдік полиция қызметкері шетелдік туристі итеріп жіберген. Әйел асфальтке құлап түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы жарияланды. Шетелдік туристер патрульдік полицияның көлігіне жармасып, жібермей тұрған. Сол кезде тәртіп сақшысы әйелдердің біреуін итеріп жіберді. Ол асфальтке құлады.
Видео авторының айтуынша, бұл оқиға Медеу ауданындағы танымал бардың жанында болған.
"Әйелге деген осындай қарым-қатынас біздің еркектердің қанына сіңіп кеткен. Мына кісі, шамасы, қызметте жүргенін де ұмытып кеткен шығар...Әйелдерге олай қарауға болмайды. Осы қыздардың бәрі – шетелдік туристер. Олар шок алған шығар. Енді келмейді, басқаларға да осы жағдай туралы айтады", - деп жазды журналист Ғазиза Райымбек.
Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Қызметтік тексеріс басталды. Видеодағы полицейдің дөрекі әрекетіне баға беріліп, тиісті шара қолданылады.
Жаңалықтар
0