Тоқаев актриса Самал Еслямованы қабылдады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев актриса Самал Еслямованы қабылдады
Тоқаев актриса Самал Еслямованы қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында отандық театр өнері және кинематография саласын дамыту мәселелері талқыланды. Президент қоғамның рухани дамуында театр мен кино маңызды рөл атқаратынына тоқталып, бұл салаларға мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп жатқанын айтты.
Мемлекет басшысы отандық фильмдерде тарихымызды, мәдениетімізді дәріптеуге, жастардың бойында патриотизм сезімін қалыптастыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға баса мән беру қажет деді.
Өз кезегінде Самал Еслямова Президентке өзінің алдағы шығармашылық жоспары, отандық өнер саласын дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты.
"Қазақстандағы театр өнері, жалпы актерлік өнер туралы сөйлестік. Еліміздің мәдениетімізге деген үлесімізді қосамыз Құдай бұйыртса. Еңбек етемін. Қарапайым жылы кездесу болды", - дейді актриса Самал Еслямова.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт мәдениетін танытуға үлес қосып келе жатқаны үшін актриса Самал Еслямоваға алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.
 Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии поднятия Государственного флага и вручил офицерские звания лучшим выпускникам военных вузов
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2023
Күллі әлем қазақ елін көк байрағына қарап танитын болды - Тоқаев
Жаңалықтар
0