Астана халықаралық форумы

Бүгін Тоқаевтың қатысуымен Астана халықаралық форумы жұмысын бастайды

© Sputnik / Владислав ВодневАстана көрінісі
Астана көрінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Жазылу
Бүгін пандемиядан кейін Қазақстан астанасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен халықаралық Астана форумы өз жұмысын бастады
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Астанада ЭКСПО аумағындағы Конгресс орталығы бүгін Астана халықаралық форумына мыңнан астам шетелдік қонақты қарсы алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Форум Қазақстан астанасында 2008-2019 жылдар аралығында жұмыс істеген Астана экономикалық форумының жалғасы.
"Шығыс пен батыс арасын байланыстырушы көпір қызметін атқарып отырған Қазақстанның сындарлы халықаралық қатынастарды дамыту бойынша тарихы бар. Астана халықаралық форумы арқылы жаңа дипломатиялық, экономикалық және саяси жолдарды айқындай отырып, алдымызда тұрған ортақ сын-қатерлерді бірлесе жеңеміз деп үміттенемін", - деп жазылған Тоқаевтың сөзі форумды ұйымдастырушылардың сайтында.
Форумның биылғы тақырыбы: "Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, өркендеу және прогресс".
Щара бағдарламасында 40-тан астам панельдік сессиялар, бейресми талқылаулар бар.
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2022
Тоқаевтың баспасөз хатшысы президенттің мәлімдемесіне түсініктеме берді
Жаңалықтар
0