Ресей Қазақстанға орман ағаштарын өткізетін үш пункт ашты

© РИА Новости / Медиабанкке өтуДревесина. Архивное фото
Древесина. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 8 маусым - Sputnik. Ресей Қазақстанмен шекарада ағаш материалдарын әкелу үшін тағы үш пункт ашты, деп хабарлайды Ресей Федерациясының республикадағы сауда өкілдігі.
"Ресей өз аумағынан ағаш материалдарын әкелу үшін қосымша өткізу пункттерін ашты. Бұл пункттер Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарымен шектесетін Кулунда, Веселоярск және Ольховкада орналасқан", - делінген хабарламада.
Ресейлік экспорттаушылар биыл маусым айынан бастап Қазақстанға жүк көліктерімен бөренелерді, жартылай өңделген ағашты, ағаш материалдарын және шпалдарды әкеледі.
Жаңалықтар
0