Қоғам

Қазақстанда картоп пен сәбіз қымбаттады

© Sputnik / Тимур БатыршинОвощи на рынке. Морковь
Овощи на рынке. Морковь  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің ішінде картоп пен сәбіз қымбаттап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1 %-ке өсті. Соның ішінде сәбіз 4,4 процентке, ал картоп 3,5 процентке қымбаттады. Ал қырыққабат (-5,4%), пияз (-1,6%), күнбағыс майы (-1,7%), қарақұмық (-1,5%), жұмыртқа (-1,4%), құс еті мен тұз (-0,1%) арзандап келеді.
Бұған дейін өңірлерге Тараз қаласының өндірушісінен 110 теңгеден сәбіз сатып алу ұсынылды. Алайда Астана мен Алматы қалалары ғана қажетті сәбіздің көлемін сатып алды.
Сауда комитетінің мәліметіне сәйкес, бір аптаның ішінде сауда үстемесінен асып кетудің және өнімсіз делдалдарды алып тастаудың 22 фактісі анықталды. "Мәселен, Жамбыл облысында 15%-тен жоғары сауда үстемесі бар түтікті кеспе, ұн және күріш сатылды. Түсіндіру жұмыстарынан кейін бұл өнімдердің бағасы 10-25% шегінде төмендеді. Ұлытау облысында сауда үстемесін асырғаны үшін кәсіпкерге ескерту жасалды. Нәтижесінде күнбағыс майы мен қырыққабаттың бағасы 25%-ға төмендеді", - дейді мамандар.
Покупатели в торговом комплексе Magnum Cash & Carry - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2023
Қазақстанның қай өңірінде азық-түлік ең қымбат
Жаңалықтар
0