Экономика

Инфляция үш ай қатарынан баяулап келеді – Ұлттық банк

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуМонеты, архивное фото
Монеты, архивное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Жазылу
Мамыр айында жылдық инфляция 15,9%-ке дейін төмендеген
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Қазақстанда инфляция бірнеше ай қатарынан баяулап келеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, жылдық мәндегі азық-түлік инфляциясы ақпан айындағы ең жоғарыкөрсеткіш 26,2%-тен 16,5%-ке дейін баяулаған. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы – 17,2%-ке, ақылы қызметтер инфляциясы 13,5%-ке дейін бәсеңдеді.
Пірматов азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша бензин мен дизель отынының шекті бағалары көтерілгендіктен, жанар-жағармай бағасы өскенін атап өтті.

"Қазақстандағы инфляция үш ай қатарынан баяулап, мамыр айында жылдық мәнде 15,9%-ке дейін төмендеді. Инфляцияның айлық деңгейі 0,6%-ті құрады. Ұлттық банк инфляцияның баяулау үрдісі одан әрі жалғасады деп күтеді", - деді Ғалымжан Пірматов үкімет отырысында.

Айтуынша, сыртқы экономикалық конъюнктураның жақсаруы инфляцияны тежеуге ықпал етеді. Ол азық-түліктің одан әрі арзандауынан және сауда-серіктес елдердегі төмен инфляциядан байқалады.
Пірматов биыл 26 мамырда Ұлттық банк тәуекелдер балансын ескере отырып, базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдағанын еске салды. Айтуынша, бұл елдегі инфляцияны одан әрі баяулатуға ықпал етеді.
Деньги, тенге, купюры, монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2023
Экономика
Қазақстан экономикасы бес айда 4,5%-ке өсті
Жаңалықтар
0