Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы: қандай мәселелер талқыланды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуПМЭФ-2022. Сессия. Компетенции будущего: чему учиться и как учить в направлении Soft Skills
ПМЭФ-2022. Сессия. Компетенции будущего: чему учиться и как учить в направлении Soft Skills - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Ресейде 14-17 маусым аралығында Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы (СПХЭФ) өтіп жатыр. Форумның кешегі күн тәртібінде көбіне Ресейдің аймақтары мен түрлі салаларындағы ұйымдардың өзара қарым-қатынасы, эконмиканы мен ел әл-ауқатын дамытудағы келісімдері, жақын болашақтағы жоспарлары талқыланды, деп хабарлайды РИА Новости.
Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының аясында түрлі алаңдар ұйымдастырылып, онда аймақ басшылары мен түрлі компания өкілдері келіссөз жүргізіп, өзара мәміле жасады. Мысалы, жүрек-қантамыр ауруларын емдеуге арналған препараттарды өндіруде қолданылатын натрий гепарин фармацевтикалық субстанциясын шығаратын қытайлық компания Воскресенск қаласында зауыт салады. Бұл туралы Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев СПХЭФ аясында "Солтүстік мұхит" серіктестігінің құрылтайшысы Ван Юнцинмен кездесуден кейін мәлімдеді.
"Ресейдегі әрбір төртінші дәрі Мәскеу облысында шығарылады. Бізге дәрі-дәрмек қана емес, субстанциялардың да импортын алмастыру маңызды. Бұл салада Үндістанмен келіссөз бар, енді Қытай компаниялары келіп жатыр. "Солтүстік мұхит" компаниясымен келісімге қол қою жарты жылда Воскресенск қаласында жаңа зауытты іске қосуға мүмкіндік береді", - деді Андрей Воробьев.
Сонымен қатар Андрей Воробьев Мәскеу облысы Беларусьпен аймақта машина жасау саласындағы кәсіпорын салу туралы келісімге қол қоятынын, инвестиция көлемі 10 миллиард рубльді құрайтынын хабарлады.
Сол сияқты Ярославль облысының губернаторы Михаил Евраев 15,7 миллиард рубльге келісім жасалғанын хабарлады. Аймақ басшысы барлығы 14 келісімге қол қойса, оның 11-і инвестициялық бағыттағы құжат.
"Санкт-Петербург экономикалық форумындағы жұмыстың алғашқы күні өте жемісті болды: 15,7 миллиард рубльге инвестиция тартылды, бұл 3 436 жұмыс орны. Мұның Ярославль облысының дамуы үшін үлкен серпін беретіні сөзсіз", - деп аймақ басшысының сөзін келтірді баспасөз қызметі.
Ал Донецк Халық Республикасының басшысы міндетін уақытша атқарып жатқан Денис Пушилин Мариуполь әуежайын қалпына келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылғанын хабарлады.
"Донецк Халық Республикасының үкіметі жанынан әуежайды қалпына келтіруге жобалық-сметалық құжаттаманы қоса алғанда, барлық қажетті дайындық жұмыстарын жүргізу үшін ведомствоаралық топ ұйымдастырылды. Жұмыс тобы 1 маусымда Мариуполь әуежайында жиын өткізді. Сондықтан әуежайды қалпына келтіруге қандай ұйымдар мен ресурстар тартылатыны, сондай-ақ ұшу-қону жолағы қалай пайдаланылатыны туралы жалпы түсінік бар", - деді Пушилин.
Форум барысында 2022 жылдың басынан бері Ресей экспорт орталығының қолдауымен және аймақтық билік құралдарының көмегімен 3 мыңға жуық ресейлік экспорттаушылар тату елдердегі көрмелер мен іскерлік миссияларда жаңа серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнатқаны белгілі болды. Бұл туралы мәлімдеген Ресей экспорт орталығының вице-президенті Станислав Георгиевский ресейлік экспорттаушылардың жартысына жуығы Еуропа және Солтүстік Америка елдерімен өзара қарым-қатынасқа қол жеткізгенін хабарлады.
Алтай Республикасы, Алтай өлкесі және Новосібір облысы СПХЭФ-2023 шеңберінде Шу трактісін одан әрі қайта құру және бұл жолдың ұлттық туристік бағыт мәртебесін алу туралы келісті. Аталған аймақ губернаторлары Олег Хорохордин, Виктор Томенко және Андрей Травников "Шу тракті" туристік бағытын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Сол сияқты Ингушетия басшысы Махмұд-Әли Калиматов пен Запорожье облысы губернаторының міндетін атқарушы Евгений Балицкий СПХЭФ аясында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісім аясында көрмелер, конференциялар, семинарлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер секілді бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылатыны атап өтілді.
Ресейдің мәдени астанасы саналатын Санкт-Петербургтегі халықаралық экономикалық форумда Бурятия мен "Почта России" мекемесі пошта бөлімшелерін жаңғырту туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы республика басшысы Алексей Цыденов хабарлады.
Сонымен қатар Никарагуа "Мир" төлем жүйесіне қосылғысы келетіні, сондық тан бұл елдің билігі оны Кубада қолдану тәжірибесін зерделеп жатқаны туралы Никарагуа Республикасы президентінің Ресеймен ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі, Никарагуа Республикасы президентінің инвестициялар, сауда және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Лауреано Факундо Ортега Мурильо хабарлады.
Айта кету керек, жұма күні Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербург экономикалық форумының (СПЭФ) пленарлық отырысында сөз сөйлейді, Ол Ресей экономикасының бір жылдағы жағдайына жан-жақты баға беріп, болашақтағы негізгі бағдарларды атайды деп күтілуде.
Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына биыл Алжир президенті Абдельмажид Теббун, Куба премьер-министрі Мануэль Марреро Крус, Армения президенті Ваагн Хачатурян және Оңтүстік Осетия президенті Алан Гаглоев қатысты.
Жаңалықтар
0