Алматыда дәмхана мен гараж өртке оранды

© Photo : ДЧС СКОВосемь газовых баллонов вынесли пожарные из горящего дома в Петропавловске
Восемь газовых баллонов вынесли пожарные из горящего дома в Петропавловске - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Алматыда гараж бен дәмхана өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Әуезов ауданы, Жетісу-3 ықшам ауданы, 1/б мекенжайынада гараж өртеніп, от дәмхананың шатырына қарай ұласқан.
"Өрт сөндіру бригадасы жоғары ранг бойынша жұмылдырылды. Оқиға орнына келіп жеткен төтеншеліктер гараждың өртеніп, оттың дәмхана шатырына ұласқанын анықтады",- делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге 18 техника мен 18 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Қазір от шарпыған аумақ нақтыланып жатыр.
Жаңалықтар
0