https://sputnik.kz/20230619/gruziyada-qazaqstandyq-zhurnalisti-oltirip-ketti-tragediyanyn-zhay-zhapsary-anyqtaldy-36108362.html
Грузияда қазақстандық журналисті өлтіріп кетті: трагедияның жай-жапсары анықталды
Грузияда қазақстандық журналисті өлтіріп кетті: трагедияның жай-жапсары анықталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 19 маусым – Sputnik. Кахетия полициясы Грузияда қаза болған қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің өліміне қатысты ақпарат таратты. Қасақана кісі... 19.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-19T13:55+0500
2023-06-19T13:55+0500
2023-08-09T10:05+0500
журналист
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e7/06/13/36101048_0:202:720:607_1920x0_80_0_0_5c6f42a862464515fe51d62758a0f0cb.jpg
АЛМАТЫ, 19 маусым – Sputnik. Кахетия полициясы Грузияда қаза болған қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің өліміне қатысты ақпарат таратты. Қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша бір адам ұсталды, деп хабарлады Грузия ішкі істер министрлігінің сайты."Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ІІМ Кахетия полиция департаментінің қызметкерлері қасақана кісі өлтіргені үшін Г.Х.-ны ұстады", - деп хабарлады полиция.Тергеу Сагареджо муниципалитетінде сотталушы мен қазақстандық әйелдің арасында жанжал шыққанын анықтады. Осыдан кейін ер адам ескі танысын доғал затпен өлімші етіп ұрып-соққан.Полицейлердің мәліметінше, күдікті қылмысты жасыру үшін әйелдің денесін өзенге лақтырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Оқиғадан кейін көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады.Грузия Қылмыстық кодексінің 108-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл бапта 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Бұған дейін желіде Грузияда қазақстандық журналистің қайтыс болғаны туралы ақпарат жарияланды. Әріптесінің айтуынша, Жанбота Төлеген соңғы рет 19 мамырда хабарласқан.Әйелдің сыныптастары оны Грузияда өлтіріп кеткенін хабарлады. Туыстары әлеуметтік желідегі ақпаратты растап, әйелдің 2 маусым күні Қоянды ауылында жерленгенін жеткізді.
https://sputnik.kz/20210602/tort-adamnyn-mayiti-tabyldy-17227186.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/13/36101048_0:134:720:674_1920x0_80_0_0_42889f75a8d0241376f287c71fd7bbaf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
журналист, ішкі істер министрлігі
журналист, ішкі істер министрлігі
Грузияда қазақстандық журналисті өлтіріп кетті: трагедияның жай-жапсары анықталды
13:55 19.06.2023 (жаңартылды: 10:05 09.08.2023) АЛМАТЫ, 19 маусым – Sputnik. Кахетия полициясы Грузияда қаза болған қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің өліміне қатысты ақпарат таратты. Қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша бір адам ұсталды, деп хабарлады Грузия ішкі істер министрлігінің
сайты.
"Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ІІМ Кахетия полиция департаментінің қызметкерлері қасақана кісі өлтіргені үшін Г.Х.-ны ұстады", - деп хабарлады полиция.
Тергеу Сагареджо муниципалитетінде сотталушы мен қазақстандық әйелдің арасында жанжал шыққанын анықтады. Осыдан кейін ер адам ескі танысын доғал затпен өлімші етіп ұрып-соққан.
Полицейлердің мәліметінше, күдікті қылмысты жасыру үшін әйелдің денесін өзенге лақтырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Оқиғадан кейін көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады.
Грузия Қылмыстық кодексінің 108-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл бапта 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұған дейін желіде Грузияда қазақстандық журналистің қайтыс болғаны туралы ақпарат жарияланды. Әріптесінің айтуынша, Жанбота Төлеген соңғы рет 19 мамырда хабарласқан.
Әйелдің сыныптастары оны Грузияда өлтіріп кеткенін хабарлады. Туыстары әлеуметтік желідегі ақпаратты растап, әйелдің 2 маусым күні Қоянды ауылында жерленгенін жеткізді.