Қарағандыда жел балалар отырған ойын алаңының төсемін жұлып әкетті - видео

© Sputnik / Серикжан КовланбаевДетская площадка, куда хотят переместить паркинг
Детская площадка, куда хотят переместить паркинг - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Қарағандыда дауылды жел балалар отырған ойын алаңының жабынын ұшырып жіберді. Оқиға бүгін сағат 14.00 шамасында болды, деп хабарлайды ekaraganda.kz.
Дауыл басталғанда үш бала ойын алаңында жүгіріп жүрген. Жел алаңдағы жасыл төсемді балалармен бірге аспанға көтеріп жіберді. Соның салдарынан бір бала ұшып түсіп, көппәтерлі үйдің жанына құлады. Жақын маңайда жүрген ересектер балаларға көмектескен.
Басылымның мәліметінше, бұл оқиға аулада орнатылған бақылау камерасына түсіп қалған.
Денсаулық сақтау басқармасындағылар қазіргі уақытта жедел жәрдем бригадасы баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізгенін хабарлады.
"Қабылдау кезіндегі жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық, баланың есін біледі, аздап шошыған. Қабылдау бөлімінде тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Жаңалықтар
0