Последствия лесных пожаров в Абайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2023
Абай облысындағы орман өрті

Абай облысындағы орман өртін толығымен сөндіруге біраз уақыт керек – министр

© Photo : Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігіАбай облысындағы өрт
Абай облысындағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2023
Жазылу
Қазір Семей орманы аумағында 200-ге жуық адам және екі тікұшақ жұмыс істеп жатыр
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Абай облысындағы орман өртін толығымен сөндіруге біраз уақыт керек. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында журналистер министрден Абай облысындағы орман өрті қашан толығымен сөндірілетінін сұрады.
"Толығымен сөндіруге біраз уақыт керек. Өйткені өрт күннен күнге болуы мүмкін, бықсып жатқан жерлер болуы мүмкін", - дейді Шәріпханов.
Айтуынша, қазір өрт аумағында 200-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр, ол ауысып тұрады. Бұған қоса екі тікұшақ жұмылдырылған.
Абай облысындағы алапат орман өрті 8 маусымда басталған болатын. Араға алты күн салып, өрт ауыздықталды. Қазір толығымен сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.
Тілсіз жау 15 адамның өмірін қиды.
Пожар в Абайской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2023
Абай облысындағы орман өрті
Абай облысындағы өрт: қаза болған орманшылардың туыстары жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар
0