Қазақстандықтар Алматыдан Сочиге ұша алады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Алматы-Сочи бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады.
"Осылайша, "Азимут" әуе компаниясы 2023 жылғы 28 маусымнан бастап Алматы – Сочи бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды", - деп жазылған хабарламада.
Тасымалдау "Sukhoi Superjet-95" типті әуе кемелерінде бейсенбі күндері аптасына 1 рейс жиілігімен орындалады.
Әуе қатынасының қайта жандануы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2023
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тұрақты әуе рейстерінің саны артады
Жаңалықтар
0