Қазақстан "Газпроммен" газ тасымалдау және жеткізу мәселелерін талқылады

© Sputnik / Александр ГальперинВывеска на офисе ПАО "Газпром". Архивное фото
Вывеска на офисе ПАО Газпром. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 маусым — Sputnik. Қазақстан "Газпроммен" ынтымақтастықтың барысы мен келешегін, соның ішінде газ тасымалдау және газ жеткізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды РИА Новости.
"Бүгін "Газпром" басқарма төрағасы Алексей Миллер мен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр кездесті. Кездесуде ынтымақтастықтың даму барысына жоғары баға берілді. Тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері мен келешегін, оның ішінде газ тасымалдау және жеткізу саласындағы мәселелерді талқылады ", - деп хабарлады ресейлік компания.
Еске сала кетейік, қаңтар айында Қазақстан үкіметі мен "Газпром" газ саласындағы ынтымақтастықтың жол картасына қол қойды.
Ал маусым айында QazaqGaz бен Газпром Өзбекстанға газ тасымалдау туралы шартқа қол қойған болатын.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2023
QazaqGaz бен Газпром Өзбекстанға газ тасымалдау туралы шартқа қол қойды
Жаңалықтар
0