Батыс Қазақстанда оқушылар топтасып қыз зорлады деген күдікке ілінді

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Батыс Қазақсан облысында 4 оқушы топтасып, 13 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға осы жылдың 12 маусымында түнгі сағат 01.00 шамасында болған.
"2006 және 2007 жылы туған төрт кәмелетке толмаған бозбала Орал қаласындағы жалдамалы пәтерде 2010 жылы туған жасөспірімді зорлаған", - деп жазылған хабарламада.
Күдікке ілінген балалар бұрын қылмыс жасағаны үшін есепте тұрған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі (Зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Басқа ақпарат жария етілмейді.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, облыста кәмелетке толмағандардың қылмыс жасау фактісі артқан. 2022 жылы оқушылар 96 қылмыс жасаса, биыл небәрі үш айда 48 қылмыс тіркелген.
Шонжы ауылы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2023
Оқиға
"Өмір сүргім келмейді": Шонжыда зорланған оқушының анасы жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар
0