Спорт

Елена Рыбакина Уимблдонның үшінші айналымына шықты

Елена Рыбакина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2023
Жазылу
Үшінші раундта ол британиялық Кэти Бултерге қарсы ойнайды
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Уимблдонның қазіргі чемпионы, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Ұлыбритания Ашық чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр.
Қазақстандық жарыстың екінші айналымында франциялық Ализе Корнені (WTA рейтингісінде 74-ші) жеңді.
Ойын екі сетте де Еленаның жеңісімен аяқталды. Есеп – 6:2, 7:6 (7:2). Теннисшілердің кездесуі 1 сағат 47 минутқа созылды.
Бұған дейін спортшылар ресми матчтарда екі рет кортта кездескен болатын. Екеуінде де Рыбакина басым түскен еді.
The Championships Wimbledon турнирінің үшінші айналымында Қазақстан әйелдер құрамасының лидері британиялық Кэти Бултерге (89 WTA) қарсы ойнайды.
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Спорт
Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды
Жаңалықтар
0