Қазақстан мен Өзбекстан шекараны шегендеу шараларын аяқтады

© Sputnik / Болат ШайхиновФлаги Казахстана и Узбекистана
Флаги Казахстана и Узбекистана - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараны шегендеуді аяқтады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Былтыр 2 желтоқсанда екі елдің басшылары Ташкент қаласында тиісті келісімшартқа қол қойған. Одан кейін Қазақстан мен Өзбекстан парламенттері ол құжатты ратификациялады. Келісім заңды күшіне енді.
"Демек, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны шегендеу бойынша 19 жылдық шаралар аяқталды", - деді Смадияров бүгінгі брифингте.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараның жалпы ұзындығы - 2 357 шақырым. Соның бойында 1 301 белгі қойылды.
Флаги Казахстана и Узбекистана - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2023
Өзбекстан Қазақстанмен шекараны белгілеу туралы келісімді ратификациялады
Жаңалықтар
0