Маусым айында жылдық инфляция 14,6%-ке дейін төмендеді

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2023
Жазылу
Инфляция осымен төрт ай қатарынан төмендеп келеді
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Қазақстанда инфляция маусым айында жылдық мәнде 14,6%-ке жетті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақстанда инфляция маусым айында жылдық мәнде 14,6%-ке жетіп, төрт ай қатарынан төмендеуде. Маусымдық факторлардан азық-түлік инфляциясының тұтыну бағаларының жалпы өсуіне қосатын үлесі азаюда. Ұлттық банк инфляция осы жылдың соңына қарай 11-14%-ке дейін баяулайды деп болжап отыр", - деді Тутушкин үкімет отырысында.
Оның айтуынша, әлемде азық-түлік бағасының төмендеуі және сауда әріптес елдеріндегі инфляцияның төмендеуі инфляцияға тежеуші ықпал етеді. Проинфляциялық тәуекелдер ішкі факторлар тарапынан сақталып отыр. Ол – инфляциялық болжаулардың жоғары деңгейде орнығу ықтималы, фискалдық ынталандырудың күшеюі, жанар-жағармай мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметтері бағасының өсуінен болатын барынша күшті жанама әсер.
Тутушкин 5 шілдеде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдағанын еске салды.
"Инфляцияның баяулауы болашақта базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендету үшін жағдай жасауда. Болжамдық раунд нәтижесін негізге ала отырып, базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім қабылдау кезінде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жан-жақты қарау арқылы төмендету орындылығын бағалайды", - деді төраға орынбасары.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2023
Жыл басынан бері Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 5%-ке өсті
Жаңалықтар
0