Қазақстанда докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивное фото ученика перед началом тестирования
Архивное фото ученика перед началом тестирования - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Testcenter.kz сайтында 12 шілдеден бастап 3 тамызға дейін докторантураға түсу емтиханына өтініш қабылданады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Өтініш беру кезінде тек тестілеу орнын (қаласын) таңдау керек.
Ал тест тапсыру күні, уақыты, мекенжайы туралы ақпарат 9 тамызда докторантураға құжат тапсырушыныңжеке кабинетінің "Менің іс-әрекетім" бөлімінде ұсынылады.
Айта кетейік, өтініш қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 3 тамызға дейін білім бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.
Тестілеуге қатысу құны - 21 072 теңге.
TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу (қосымша тестілеу) тапсырады. Қосымша тестілеу өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат 4 тамызда талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны - 14 162 теңге.
Былтырдан бастап түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек.
Докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл - 75.
Жаңалықтар
0