Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Вильнюстегі саммит: Украинаны НАТО-ға қабылдау мәселесі қаралмады

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2023
Жазылу
Ресейдің арнайы әскери операциясы аяқталғаннан кейін Украинаның НАТО-ға мүше болу ықтималдығы бәсеңдеп жатыр. Себебі соғыстан кейінгі әлемнің тәртібі әрқашан жеңімпазға байланысты, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
11-12 шілдеде Вильнюсте өткен Солтүстік Атлантикалық альянстың саммиті Украина ешқашан НАТО-ға мүше болмайтынын, өйткені мұндай кеңею АҚШ-қа қауіп төндіретіні туралы шындықты айқындады. Бұл мәселеде америкалықтар құрылтайшы одақтастардың да, Балтық елдері ұстанымын да, Киев режимінің талаптарын да ескермейді.
Құрылтайшы одақтастардың пікірі, Балтық бойындағы "Жас еуропалықтар" жауынгерлік көрінісі және Киев режимінің арсыз риторикасы одақ иелері (америкалықтар) әдейі елемейді. Бұл көпполярлы әлемдегі батыстық демократияның шындығы.
Вильнюстегі саммитте НАТО-дағы Украинаның болашағы негізгі тақырып ретінде талқыланады деп күтілген еді. Бірақ 11 шілдедегі қорытынды коммюникеде нақты мерзім мен талаптар жоқ.
Киев болашағына қатысты нақтылықтың жоқтығына наразы. Ұлыбритания, Германия, Франция мен басқа да мемлекеттер бұл олқылықтың орнын жабу үшін Украина Қарулы күштеріне зымыран мен броньдалған техника жеткізуді арттырып жатыр. НАТО-ның Украинаға әскери көмек бойынша көпжылдық бағдарламасы соғыс даласында бірде-бір украин жауынгері қалмауын көздейтін стратегия секілді. Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуыл жасауға ынталанған алғашқы айы осыған дәлел.
АҚШ президенттігіне кандидат кіші Роберт Кеннеди былай деді: "Украина Қарулы күштерінің қаза тапқан жауынгерлерінің саны Украинаның Ресейді жеңуі туралы ойлауға да мүмкіндік бермейді". Ресейлік арнайы әскери операция аяқталғаннан кейін Украинаның НАТО-ға мүше болу ықтималдығы нөлге тең. Себебі соғыстан кейінгі әлемнің тәртібі әрқашан жеңімпазға байланысты.
Украинаның НАТО-ға мүше болуы одақтастарды Киев режимі үшін соғысуға міндеттейді, яғни Ресеймен соғысқа іс жүзінде кепілдік береді. Бірақ АҚШ пен Еуропаға соғыс қажет емес.
The American Conservative журналы былай деп жазды: "Күшті немесе әлсіздігіне қарамастан, Украина ядролық соғысқа себеп болатын стратегиялық мақсат емес. Еуропаны игеру немесе Атлантикалық күштердің тепе-теңдігін бұзу Бахмутты немесе Қырымды кім басқаратынына байланысты емес. Мариуполь үшін Массачусетске ядролық қауіп төндіру ақылға қонымсыз".
Politicoс басылымы "АҚШ Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік бермеуі керек және бере алмайды" деп қосты.
Америкалық Foreign Affairs журналында мынандай мәлімдеме жарық көрді: "Альянсты кеңейту шығындары пайдадан асып түсті. Украинаға НАТО-ның есігін жабатын уақыт келді".
Кремль Батыс талқылап жатқан НАТО-дан тыс Украина қауіпсіздігіне кепілдік беру Ресей қауіпсіздігіне қол сұғу болып табылатынын ескертті.
Жалпы альянстың Украинадағы қақтығыстың негізгі мақсатына қатысты бірыңғай ұстанымы жоқ. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг қауіпсіздік кепілдігінен қару-жарақ жеткізуді маңызды деп санайды және Украинадағы бейбітшілікке апаратын жол осы деп таниды. Осы бағытты ұстанған Париж Украина Қарулы күштеріне SCALP-EG қанатты зымырандарын жолдаса, Ақ үй ATACMS зымырандарын дайындап жатыр.
Ресей Қарулы күштерінің жауабы қауіп-қатер деңгейіне сәйкес және бірнеше ондаған америкалық Abrams танктері немесе F-16 жойғыш ұшақтары арнайы әскери операция бағытын өзгертпейді, деп жазылған РИА Новости мақаласында.
Римдегі IL Fatto Quotidiano газеті Вашингтон өз одақтастарының барлық ресурсын пайдалану арқылы америкалық империяның құлдырау сәтін алыстатуға тырысып жатқанын жазды. Жалпы АҚШ жетекшілігімен Солтүстікатлантикалық альянс ондаған жылдар бойы соғыс басталуына себепші болып келді. Пентагон мен НАТО арсеналдарының, АҚШ-тың әскери-өнеркәсіптік базасының сарқылуы америкалық биліктегілердің алаңдауына себеп болуы керек.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0