"Ұтқан көлігімді 200 мыңға әрең саттым": мамандар ат спорты қалай дамып жатқанын айтты

© ИА "Новости-Казахстан", Анатолий УстиненкоАт спорты
Ат спорты - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 шілде – Sputnik. Ұлттық спорт түрі – ат бәйгесіндеделебесі қозбайтын қазақ жоқ. Еліміздегіат спортының, әсіресе бәйгенің қазіргі ахуалы қандай? Sputnik Қазақстан тілшісі "Бәйге федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Жомарт Сайболатовпен тілдесіп қайтты.
Қазақтың ат спортын кезінде айтыс өнерінің майталмандары басқарған.
"Ат спорты біраз жыл кенже қалды. Ішінара үлкен жарыстар болып тұрғанымен, қазіргідей жақсы дамыған жоқ", - дейді "Бәйге федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Жомарт Сайболатов.
Жомарт Құмарқанұлы 2007 жылы Дубай қаласына барып, кездейсоқ ат бәйгесін тамашалайды.
"Арабтардың ұшқыр бәйгесін көріп, қаттытаңғалдым. Бұл бәйгеге әлемнің ең жүйрік аттары қатысадыекен. Бұл жарыста сәйгүліктер әртүрлі қашықтыққа –1000 метр, 2000-3000 метрге ғана шабады. Бұл жарысқа қатысу үшін 3 кезең жарысқа қатысып, содан үздік шығу керек, сонда ғана ұшқыр бәйгенің ақтық кезеңіне шыға алады", - дейді Жомарт Сайболатов.
Қазақстанда ат бәйгесінің туын көтергендер осы жарысты енгізуді ойлайды.
"Қаншама кәсіпкерге, тіпті министрлікке дейін бардым. Бірақ бұл ұсынысымыз жүзеге аспай қалды. Өйткені әркім өзіне түсетін пайданы сұрады. Қаражат таппай біраз жыл өтіп кетті. Сосын карантин басталды. Бірақ ақшалы бір танысымның арқасында көптен көкейде жүрген жоспарымыз жүзеге асты. 2021 жылы бір банкпен де сөйлестік. Ол банкпен келісіп, "Халық тұлпары" деген атаумен жарыс өткізейік деп едік, қаңтар оқиғасы басталып кетті", - дейді "Бәйге федерациясының"мүшелері.
Былтыр 6 қалада 7 кезеңнен тұратын ең жүйрік аттардың бәйгесі өтті. Шашасына су жұқпаған тұлпарлар бірінен бірі озып, сұрыптала берген.
Құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйгенің соңғы кезеңі Алматы қаласындағы Байсерке ауылының маңында өткен. Бұған дейін 5 кезең бес қалада ұйымдастырылды. Ат жарысының әр түрінен 5 аттан соңғы кезеңге жолдама алған.
"Бұл – бағалай білгенге үлкен жетістік. Мысалы әр аудан, қалада бәйгелер өтіп тұрады. Оған жергілікті азаматтар қаражат шығарып, жүлде тігеді. Сол жүлдені басқа облыстың тұлпарлары алып кетіп жатса, іштей қынжылыс болатын. Қазіргі күні әр жерде өзінің жүйріктері жарысып, қанжығалары майланып жатады. Бірнеше мың шақырымжол жүріп, шығынға батып, шағын ғана жарыстарға қатысып, атбегілер әуре болмайтын болды", - дейді Жомарт Құмарқанұлы.
Ал қазіргі кезең-кезеңмен өтетін жарыста Қазақстанның кіл сәйгүлектері ғана қатысады. Тігілетін жүлде қоры да қомақты.
"Кезінде DVD плеер үшін де бәйгеге қатысатынбыз. Жеке өз басым кезінде жүйрігімді жарысқа қосып, бір ескі көлік ұтып алдым. Оны 400 мың теңгеге жөндеу жасатып, 200 мың теңгеге әрең сатып құтылған едім. Ал қазір кезеңмен жарысатын аламан бәйгенің бас жүлдесі – 5 млн теңге. Жүйріктер 25 шақырымға шабады. Екінші құнан бәйгеде бірінші келген тұлпарға 3 млн теңге беріледі. Топ бәйгенің де жүлдесі қомақты", - дейді атбегі.
Жомарт Сайболатовтың айтуынша, мәселе жүлдеге тігілетін миллиондарда емес, ат бәйгесінің негізгі құндылығы көрме-жәрмеңке болуында.
"Қазақтың тұлпарына әсіресе шетелдіктер өтеқаттықызығады. Көрме-жәрмеңке дейтініміз, мұнда өзіңнің тұлпарың арқылы бизнес жасауыңа мүмкіндік бар. "Қандай айғырдың тұқымы"деп қызығушылықпен сұрайтындар көп. Қазақтың бәйгесін қалт жібермей қадағалап отыратын шетелдіктер көп. Қырғызстан, Өзбекстан былай тұрсын, Ресей, Араб, неміс, поляктар қызығушылық танытады", - дейді вице-президент.
Бәйгенің қазіргі демеушісі – букмекерлік кеңселер.
"Жеке өз басым бәс тігіп, ойнауға түбегейлі қарсымын. Бірақ сондай кеңселер арқылы қазақтың ұлттық ат спорты дамып отыр. Басқа ешкім бұл спортқа қомақты қаражат бөлген емес. Қазіргі күні букмекерлік кеңселердің жұмысын тоқтату керектігі туралы айтылып жатыр. Бұның пайдасы да бар, бірақ шығыны да зор. Өйткені ат бәйгесі тұралап қалады", - дейді "Бәйге федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті.
"Бәйге федерациясы"мемлекеттен еш қаржы сұрамаймыз, тек бастаған жобамызға нұқсанын тигізбесе екен деген өтінішін жеткізді.
Жаңалықтар
0