Жамбылдағы теміржол апаты: тоқтап қалған пойыздар қайта жолға шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинПассажирский поезд
Пассажирский поезд - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 шілде - Sputnik. Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара станциясында теміржол апатынан кейін пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі.
"Оқиға салдарын жоюға Шу және Тараз станцияларының қосымша пойыздары жұмылдырылды", - делінген компания хабарламасында.
Вагондардың рельстен шығуынан жолаушы пойыздары тоқтаған болатын. Компанияның мәліметінше, барлық пойыз ауыз сумен қамтамасыз етілген, вагон-мейрамханалар жұмыс істеп тұр.
"Компания жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұрайды", - деп мәлімдеді "Қазақстан темір жолы".
Еске сала кетейік, 17 шілде түнгі 01:05 кезінде Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара стансасында жүк вагондары жолдан шығып кетті.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр.
Бұл оқиға жолаушы пойыздарының жүру кестесіне әсер етті.
Болған жағдайдың себептерін анықтау үшін ҚТЖ арнайы комиссия құрды.
Грузовой поезд - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2023
Оқиға
Жамбыл облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті
Жаңалықтар
0