Өңірлер

Ақтөбеде шетелдіктер кәсіпкердің үйінен 60 млн теңге ұрлаған

CC0 / / Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2023
Жазылу
Күдіктілердің бірі қылмыс жасағаннан кейін таксимен Түркістан облысына кетіп, шекараны кесіп өтпек болған
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Ақтөбе қаласында кәсіпкердің үйін тонаған екі шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 15 шілдеде болған. Белгісіз біреулер пәтер есігін кілтпен ашып, ішке заңсыз кірген. Сөйтіп сейфте тұрған ақшаны ұрлаған. Салдарынан 46 жастағы кәсіпкерге 60 миллион теңге мөлшерінде материалдық шығын келді.
Полиция қызметкерлері 38 жастағы шетелдікті "ізін суытпай" ұстады. Оның жалдамалы пәтерінен ұрланған ақшаның бір бөлігі табылды.
Ал оның сыбайласы таксимен Түркістан облысына қашып үлгерген. 34 жастағы шетел азаматы оңтүстікте шекараны кесіп өтуді көздеген. Алайда Сарыағаш ауданының полицейлері күдіктіні қолға түсірді. Одан да ірі көлемде ақша тәркіленді.
Күдіктілер жасаған қылмысын мойындады. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Кісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2023
Елорда тынысы
Астанада сатушыны байлап, дүкен тонаған 3 ер адам ұсталды
Жаңалықтар
0