Қоғам

Көпбалалы отбасыларға 205 млрд теңге жәрдемақы төленді

CC0 / / Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Жыл басынан бері көпбалалы 545,7 мың отбасыға жалпы сомасы 205,2 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Соның ішінде маусым айында 557,3 мың отбасы 34,9 млрд теңге көмек алды.
Айта кетері, бұл мемлекеттік жәрдемақыға бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі. Көпбалалы отбасылардағы:
4 баласы барларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде төленеді.
Еске салсақ, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ке артты.
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2023
Азаматтардың кейбір санаттары үшін жәрдемақы мөлшері 14,5%-ке артты
Жаңалықтар
0